|
01.01.2010ж жұмыссыздардың саны 30 адамды құрайды, оның ішінде 27 әйел. 01.01.2010ж (30 адам) жұмыссыз орташа статистикалық портрет бойынша келесі түрде көрсетіледі: Жасына қарай: жастар 20 - 24жас – 2 адам, 25 - 29жас – 4 адам, 30 - 34жас – 3адам, 35 - 39жас – 5 адам, 40 - 44жас – 4 адам, 45 - 49жас – 4 адам, 50 - 54жас – 5 адам, 55жас және одан үлкен 2 адам, сонымен қатар зейнеткерлік жас – 2адам. Біліміне қарай: негізгі білім – 19адам., орта кәсіптік – 10адам., жоғарғы – 1адам. Еңбек өтіліне қарай: 1 жылға дейін – 2 адам., 1 ден 5 жылға дейін – 1адам., 5 тен 10 жылға дейін – 1 адам., 10 жылдан жоғары – 2 адам, жұмыс істемегендер – барлығы 24 адам. 2009 жылдың басынан жұмыс бойынша - 4682 адам келді. 2009 жылы жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналасқандар саны 4681адам, соның ішінде 1665 жұмыссыз Жол картасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Жұмыс жайлы жыл басынан келіп сұрағандар 99,4 % құрайды. 01.01.2010ж бос жұмыс орындарының саны жұмыс берушілердің өтініштеріне 25 орын құрайды. Жұмыссыздарға әлеуметтік жағынан жеке кәсіп ашу үшін жұмыспен камту бөлімінде материалдық көмек көрсетіледі. 2009 жылдың басынан 7 жұмыссызға материалдық көмек көрсетілді, материалдық көмек бір жұмыссызға 40 АЕК (51840 тенге). Жылдың басынан материалдық көмектің толық сомасы – 360,2 мың тенге құрайды. Материалдық көмек алғандар сауда-саттықпен, адам тасумен, пластикалық жабдықтарды орнатумен айналысады. ҚР Занының 14 бабы «Халықты еңбекпен қамту» бойынша жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жағынан Қоғамдық жұмысқа жіберіледі. Мамандықтары жоқтарға және қажеттілік етпейтін мамандықтар бойынша жұмыссыздарға уақытша жұмыс ретінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады. Мекемелерде қоғамдық жұмыстар экономикалық жағынан қамтылған. Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер келешекте өздеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Қаладағы мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан келіп түскен сұраныстарға қала әкімі жыл сайын қаулы шығарып, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға төленетін каражаттар 1080 жұмыссызға ұйымдастырылады. Мекемеде қоғамдық жұмыстың толық сомасы 31900,09 мың теңгеге 195 келісім шарт жасалды. Сонында 1066 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басында жергілікті бюджеттен 763 мын тенге жылдық жоспар бойынша – 115 адамның орнына 136 адамды кәсіптік білім алуға жіберіліп, 100% - ға орындалды. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша мынадай мамандықтар бойынша оқуға жіберілді: электромонтер-12 адам, отделочник-21 адам, слесарь-4 адам, медперсонал-11 адам, ЦОН мамандықтары-7 адам, дәнекерлеуші-7 адам, ағаш шебері-4 адам, массажист-24 адам, жүргізуші-29 адам. Оқу сонында 132 адам жұмысқа орналастырылды. 01.01.2010 жылға дейін Жол картасы бойынша 203 жұмысшы стройкалық мамандықтар бойынша толық оқуларын аяқтады. Қалада халықты жұмыспен қамту бағдарламасының бос жұмыс орындарының өскенің экономика секторы бақылап, оған шағын және орта кәсіпкерлерінің бос жұмыс орындарын беруі де көмектеседі. Жыл басынан бос жұмыс орны 380, соның ішінде өндірістік орында 268, шағын кәсіпте 112 орын. Соны мен қатар жаңа жұмыс орындары ЖШС «Бас Балқаш», Балқаш локомативі, ЖШС «AB Metalls», ЖШС «Тастемір», ЖШС «Недра Балқаш». Жұмыспен қамту бөлімінде «Жұмыс іздеу клубы» қамтылған, оның мақсаты адамдарға көмек көрсету, өздеріне жұмыс іздеу кезінде сенімділік, жұмықа орналасу кезінде нақтылық, бос жұмыс орындарына толық ақпарат беру және жұмыссыздар өздерінің жұмыс іздеуде өздерін көрсетіп, жұмыс берушілерге тез өздеріне қажетті мамандықты таба алатындай көмек береді. 2009 жылдың басында «Жұмыс іздеу клубы» бойынша жұмыссыз жастарға 9 жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеде тіркеуге тұру, жұмыссыздарға кәсіптік білім және қайта даярлану, қоғамдық жұмысқа орналасу, жеке кәсіпорын ашуға материалдық көмек берілетіні туралы консультация берілді. Жәрменкеге 759 адам қатысты (329 жастар, 477 әйелдер). Жәрменкеге 62 жұмыс берушілер 662 бос жұмыс орындарына қатысты. Жәрменкенің соныңда 232 адам бос жұмыс орнына, соның ішінде 117 жұмыссыз тұрақты жұмыс орнына тұрғызылды. Қоғамдық жұмыс орнына 112 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 7 адам. Ұйымдастырылған жәрменкеде 640 адам консультация алды. 12.02.2009 ж болған жәрменкеде оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жайында жұмыс берушілермен 77 келісім шарт жасалып, ОҚТМИ түлектері (42-техникалық мамандықтары, 35-гуманитарлы мамандық). БГТК мен келісім шарт жасалып, қазір онда жұмыс берушілерге кадрлар дайындалуда. Оларды Балқаш жылуэлектр станциясына келесі мамандықтар бойынша-энергетиктер, жылуэнергетиктері және қажетті байланыс жұмыскерлері мен Приозерск қаласына педагог мамандықтары даярлануда. Үлкен кенті әкімі мен Приозерск қаласының білім бөлімі БГТК мен келісілген меморандумға қол қойды. Медколледжде түлектерді жұмысқа жіберу мақсатында тұрақты комиссия Балқаш, Приозерск, Шет және Ақтоғай денсаулық сақтау бөлімдерімен бірігіп қадағалайды. Түлектерді жұмысқа жіберу жөнінде 41 келісім шарт жасалды. Қалада орта білімалатын түлектердің саны-1863 адам. 2008жылы - 867 адам, 2009жылы - 996 адам. Толық көрсеткіш бойынша 975 адам (52,3%) жұмысқа орналастырылды. 2008ж- 437 адам (50,4%), 2009ж- 538адам (67%). Жұмыспен қамту бөлімінде Жол карта бағдарламасы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс істейді. 2009 жылы осы бағдарлама бойынша 158 жұмыс орны құрылды. 01.01.2010жылы осы бағдарламаға барлығы 250 түлек жіберіледі. Жұмыссыздарды қазіргі кезде талапқа сәйкес мекемеде кәсіптік дайындықтан өткізу және қайта оқыту – «Балқаштүстімет» зауытына білікті мамандар қажеттілігіне қайта даярлау, жұмыссыздарды оқыту алға қойылды. Жыл баынан ПО «БЦМ» жұмыскерлері 108 мамандық бойынша 925 жұмысшы мамандықтарын жоғарлатып, 1291 адам – екінші мамандық бойынша, 1059адам 155 мамандық бойынша қайта оқытылып, 68 жұмысшы кәсіптік даярлықтан өтті. Басында жұмыс іздегендердің саны 590 адам (әйел – 340), сонын ішінде, 21 дейін – 533 жастар, зейнеткерлік жаста – 32, инвалидтер – 11, балалар үйінде тәрбиеленгендер – 1, бас бостандығынан айырылғандар – 10, оралмандар – 3, жалғызбасты, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеуші – 1адам. 2009 жылдың басынан қоғамдық жұмысқа қатысқан 21 жасқа дейінгі жастар – 188 адам, зейнеткерлік жаста – 11адам, инвалидтер – 5 адам, балалар үйінде тәрбиеленгендер – 1 адам, оралмандар – 2 адам, әйелдер – 799 адам. 2009 жылдың басынан халықты жұмыспен қамту бағдарламасы 57 әлеуметтік орның құрды. Осы орынға орналастырылған 21 жасқа дейінгі жастар саны – 15 адам, жалғызбасты, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші – 3 адам, зейнеткерлік жастағылар – 5 адам, аз қамтылғандар – 34 адам. Жыл басында аз қамтылған – 89 адам оқуға жіберілді, 21 жасқа дейін – 17 адам. 2009 жылдың басынан 6 инвалидке материалдық көмек көрсетілді, 1 адам зейнеткерлік жаста. Ай сайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамту департаментінен және түзелу мекемесінен тексеруге сұраныстар, жергілікті жерде тұратын бас бостандықтарынан айырылғандардың тізімдері келіп түседі. Жыл басынан 33 адам тексерілді. Әлеуметтік партнерді қала әкімі мен үшжақты келісім шарт бойынша және профсоюз одағы ұлғайту мақсатында құрылды. Үшжақты комиссия туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен біле алады. 2009 жылдың басынан жұмыспен қамту бөлімінде үшжақты комиссия бойынша 2 отырыс өтіп, онда 3 әлеуметтік сұрақ, экономикалық сұрақ және де қорғау мен сақшы жұмысы туралы сұрақтар қаралды. Жыл бойғы үшжақты келісім туралы 2009 – 2011 жылға баспа беттеріне жариаланды, және де әлеуметтік «Парыз» атты кәсіп бойынша конкурсқа қатысу жөнінде ақпараттар берілді.
|