Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары және өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға олардың орындалуы жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жыл сайын, 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қазандағы N 995 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кiрiспе 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндетi 5. Бағдарламаны iске асыру бағыттары мен тетiгi 5.1. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру 5.2. Халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үшiн оқытушыларды даярлау 5.3. Қашықтықтан және күндiзгi оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үдерiсiн әдiстемелiк қамтамасыз ету 5.4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту 5.5. Бағдарламаны iске асырудың мониторингi жүйесiн құру және кезеңдiк талдау жүргiзу 5.6. Интернетке қол жеткiзуге арналған тарифтердi төмендету және халыққа құны бойынша қол жетiмдi компьютерлік техниканы қамтамасыз ету 5.7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау 5.8. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру 5.9. Бағдарлама ic-шараларының орындалуына қоғамдық қолдауды қалыптастыру 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландырудың көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже 8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 1. Бағдарламаның паспорты Атауы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" Әзiрлеушi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендету, Қазақстан Республикасында халықтың компьютерлiк сауаттылығының және Интернет желiсiн пайдаланушылардың деңгейiн 20%-ға жеткiзу Бағдарламаның мiндеттерi Интернет желiсiн күнделiктi өмiрде тиiмдi пайдалану үшiн кемiнде 20% Қазақстан халқына қолайлы жағдай жасау Қазақстан халқының өмiрiнде ақпараттық ресурстардың әлеуметтiк және экономикалық маңыздылығын арттыру Iске асыру мерзiмi 2007-2009 жылдар Қаржыландырудың көздерiмен көлемi Бағдарламаның жалпы құны: 15 584 676 мың теңге, оның iшiнде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемi - 13 701 595 мың теңге, оның iшiнде жылдар бойынша: 2007 жылға - 4 901 052 мың теңге; 2008 жылға - 4 398 361 мың теңге; 2009 жылға - 4 402 182 мың теңгенi құрайды және 1 883 081 мың теңге – жергiлiктi бюджет, оның iшiнде жылдар бойынша: 2007 жылға - 588 633 мың теңге; 2008 жылға - 647 224 мың теңге; 2009 жылға - 647 224 мың теңге. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде қаржыландыру көлемi анықталатын болады. Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру 2009 жылдың аяғына қарай мынадай мақсатты индикаторларға жетуге бағытталатын болады: Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығының көрсеткiшi - жалпы санынан 20%, ол ағымдағы жағдайдан 15,7%-ға асып түседi; Қазақстанда Интернет желiсiн пайдаланушылардың көрсеткiшi - 20% төмен емес, бұл қазiргi сәттегiден 17,2%-ға жоғары 2. Кiрiспе Осы "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығын iске асыру мақсатында әзiрлендi. Бүгiн бiздiң мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтерi саласы бөлiгiнiң өсуi мен озық дамуын сипаттайтын және келесi кезеңдi индустриалау, экономикалық дамыту сатысы - индустриалдан кейiнгi қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейiнгi қоғамның тұжырымдамасы - өндiрiстiң басты өнiмдерi болып табылатын ақпарат пен бiлiм, ақпараттық қоғам - мәдениеттi дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгiлерi: қоғам өмiрiндегi ақпарат пен бiлiмнiң ролiн өсiру; жалпы iшкi өнiмде ақпараттық коммуникациялар, өнiмдер мен қызметтер бөлiгiн өсiру; мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңiстiк: а) адамдардың тиiмдi ақпараттық өзара іс-қимылы; б) әлемдiк ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткiзуi; в) ақпараттық өнiмдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады. Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсiз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуi үшiн бүкiл әлемдiк жарыста жеңiлгенiн бiлдiредi. Нақтылығы бүкiл әлемде ақпараттық кеңiстiктi шектеуді құра отырып, өндiрiстi, бiлiмдi және адамдардың өмiрiн түбiрiмен өзгертедi. Бүгiн Қазақстанда бiрыңғай емес, көп өлшемнiң негiзiнде қалыптасқан ақпараттық кеңiстiгi әртүрлi мүгедектер үшiн оларды ақпаратқа бiр тектi емес қол жеткiзуiн бiрдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленедi. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тең емес мүмкiндiгiн бiлдiретiн "ақпараттық теңсiздiктi" жою туралы, оның iшiнде: азаматтардың компьютерлiк және басқа цифрлық, коммуникациялық техниканы тең емес иелену; азаматтардың Интернет ресурстарына тең емес қол жеткiзу; компьютерлiк технологияларды пайдалану дағдыларын азаматтардың тең емес иелену мәселелерi тұр. Ақпараттық теңсiздiк аумақтар, iрi, орта және ұсақ елдi мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Iрi қалаларда ғылыми-бiлiмдiк әлеуетiн әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерiнiң мүмкiндiктерi бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды. Осы Бағдарлама ақпаратты-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңiрек пайдалану және ақпараттық теңсiздiктi жеңу бойынша Қазақстан Республикасында жағдайларды жасауға бағытталған. Бағдарламаны iске асыру мемлекеттiк органдардың бағдарламаларын салалық және жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлiк бағдарламаларын ескере отырып iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) орындау жолымен орындалатын болады. Бағдарламаның жұмыстарын үйлестiру және iске асырылуын бақылау ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен жүзеге асырылады. 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау "Ақпараттық теңсiздiктiң" проблемасы жаhандық және адам табысының тәуелдiлiк феноменiне, оның компьютерлiк және телекоммуникациялық революцияға қатынасы, сондай-ақ, жекелеген мемлекет пен қоғамның даму деңгейiмен тығыз байланысты болып табылады. Проблеманың мәнi әлеуметтiк және экономикалық мақсаттардың жетiстiктерi үшiн ұсынылатын қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiгiне теңсiз қол жеткiзуден тұрады. Бұл адамзат әлеуетiнiң жеткiлiксiз деңгейiмен де, адамдарда қажеттi аппараттық және бағдарламалық құралдардың, сондай-ақ коммуникацияларға қол жеткiзуiнiң болмауымен де байланысты. Жыл сайын британдық "Экономист" (2006 ж.) журналының талдау бөлiмi өткiзетiн Бүкiлдүниежүзiлiк Банк деректерi бойынша (2006 ж.), Қазақстан соңғы "2005 жылғы e-дайындық рейтингiде" 68 елдiң iшiнде 64 орынды алды, ал Ресей мен Украина тиiсiнше 52 және 61-орынды иелендi. Осы рейтинг Интернет желiсiне қосу, бизнес орта, құқықтық, саяси, әлеуметтiк және мәдени орта, электрондық қызметтердi қолдау мүмкiндiгi сияқты осындай санаттарды қоса алғанда, 100-гe жуық сандық және сапалық өлшемдерден тұратын орташа өлшенген индекс арқылы елдiң электрондық бизнес ортасын өлшейдi. Одан басқа, Қазақстан жағдайды жақсартуда тұрақты прогрестi көрсететiнiн атап өту қажет. Бұл туралы БҰҰ жүргiзiлген 2005 жылғы электрондық үкiметке жаhандық дайындық туралы есебiнiң деректерiнде айтылған. Электрондық үкiметке елдiң және оның қоғамының дайындық деңгейiн бағалайтын бүкiл дүниежүзiлiк 179 елдердiң рейтингiнде Қазақстан 65 орынды алады, оған қоса веб-өлшемдердiң индексi*, телекоминфрақұрылымы** және адамзаттық капитал***. 2005 жылы Қазақстанның рейтингi 2004 жылмен салыстырғанда 4 позицияға жақсарды, 2003 жылға қарағанда 14 тармаққа жоғары. Еуропа сегiздiгiндегi елдер 19 және 40-орындар арасындағы кластерде орын алады, ал жетекшi бес ел - Құрама Штаттар, Дания, Швеция, Ұлыбритания және Корея Республикасы - бiрнеше жыл қатарынан дәйектi түрде жоғарғы балл алып жүрдi. Еуропа сегiздiгi елдерiнен және басқа да жетекшi елдерден Қазақстанның артта қалуының негiзгi себебi телекоммуникациялар бойынша оның нашар баллдық бағасымен қорытындылады. Деректер көрсеткендей елде телефондық желiлердiң бар болуы абсолюттiк бiлдiрiмде барынша төмен. Елдiң 1000 тұрғынына телефондық желiлердiң тиiмдi тығыздылығы 17,91 құрайды, ол ортадан төмен табыспен елдiң орта деңгейiнен төмен. Алайда бiрқатар жағымды үрдiстер бар. 1999 және 2004 жылдар кезеңiнде, жылдық өсiмнiң жиынтық қарқыны кезiнде (ЖӨЖҚ) 8,5%-ға ұлғайды. 100 тұрғынға магистральдық телефондық желiлердiң саны көбейдi. ЖӨЖҚ ескерулi, мобильдiк желiлiк абоненттер сол кезеңге 123,5% өстi. Бұған 2005 жылға Интернеттi пайдалану туралы Халықаралық телекоммуникациялар жөнiндегi одақтың деректерiне сәйкес, Қазақстанда - 400 000 Интернеттi пайдаланушылар немесе жалпы халықтың санынан 2,7% төменгi табыс деңгейiндегi ел үшiн орташадан сәл ғана көп. Салыстырма үшiн Оңтүстiк Кореяда, Сингапурда, Жапонияда Интернеттi пайдаланушылар пайыздық ара қатынасы 67% құрайды, Ұлыбританияда - 63%, Данияда - 70%, АҚШ және Канадада - 68%, Ресейде - 16,5% және Эстонияда - 50%. Интернет-хостар саны Қазақстанның 10 000 тұрғынына тек қана 14,69 құрайды, олай болса Ресейде - 59,24, ал Украинада 27,03. Сонымен қатар статистика Интернеттi пайдаланушылар тұрақты өсiм санын көрсетедi, 2000-2005 жылдардағы Қазақстанның 471,5% құрады, Ресейде ондай көрсеткiш 664,5% құрады, Эстонияда - 82,8%, Канадада - 67,8%, Ұлыбританияда - 145,5%. Барлық жоғарыда көрсетiлген елдер ендiгi ақпараттық теңсiздiктi жеңу бойынша мемлекеттiк, аймақтық және жаhандық бағдарламаларды жүргiздi және жүргiзуiн жалғастыруда, тұтастай мынадай iс-шаралар топтарына табыстырады: телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту; қол жетiмдi көпарналы инфрақұрылымды қамтамасыз ету; мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiне қоғамдық қол жеткiзудi жақсарту; жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа әмбебап қызмет көрсету орталығына акцент; "электрондық үкiметке" халықтың сұранысын арттыру; тұтас топтармен стратегиялық коммуникациялардың бiлгiрлiгiн жоғарлату; халықты электрондық сауаттылыққа оқыту. Сонымен, мысалға жалпыеуропалық "Барлығы үшiн ақпараттық қоғам" iс-қимылының жоспары Интернет арқылы жұмыс жасау үшiн мүмкiншiлiк және тренингтiк қызметтердi беруiмен Интернетке және телеорталыққа қоғамдық қол жеткiзу орталықтарын ендiру, орталықтандырылмаған сертификаттау рәсiмдерiмен ақпараттық технологиялар (бұдан әрi - AT) саласында жалпыеуропалық стандарттың дағдысын енгiзу, оқытушыларды оқыту, мультимедиялық оқу материалдарын әзiрлеу, электрондық оқу және тренинг сияқты, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық секторын күшейту және жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалары осындай бағыттарды қосты. Қазақстанның ағымдағы жағдайын талдау және ақпараттық теңсiздiктi жеңу саласында әлемдiк тәжiрибенi үйрену, шараларды жүргiзудiң өткiр қажеттiлiгiн көрсетедi, мыналарға бағытталған: қысым жасалған топтарға ерекше назармен компьютерлiк сауаттылықты жоғарлату және әлеуеттерiн күшейту (оның iшiнде тұрмысы төмендерге, жетiмдерге және жұмыссыздарға); жаңа бәсекеге қабiлеттi деңгейдегi ұлттық АТ-мамандарын дамыту; интернет желiсiне қол жеткiзу бағасын төмендету, сондай-ақ ұсынылатын АКТ қызметтерiнiң әртүрлiгiн және сапасын жақсарту мақсатында телекоммуникациялар нарығында бәсекелестiктi нығайту; бiлiм беру қызметтерiн көрсету және Интернет желiсiне жұртшылықтың қол жеткiзу инфрақұрылымын кеңейту, жеке пайдалану үшiн аса қол жетiмдi компьютерлердi қамтамасыз ету; ақпараттық теңсiздiктi төмендету үдерiсiне халықтың қалың тобын тарту және жұртшылық тарапынан бағдарламаны қолдауды қамтамасыз ету мақсатында және Бағдарламаның iске асырылу барысын жан-жақты жария ету. Қорытындысында осы шаралар Қазақстан халқының компьютерлiк сауаттылығын арттыруға әкелуге тиiс, Интернет желiсiн пайдаланушылардың санын әртүрлi мақсаттарда (жеке өзiн дамыту, жұмыс үшiн және күнделiктi өмiрде) 20%-ға дейiн арттыру. _______________________________________ * Beб-өлшем - ресми веб-сайтта және/немесе салалық сайттарда арнайы электрондық құралдардың/қызметтердiң бар болу/жоқ болмау өлшемi мысалға, денсаулық сақтау, бiлiм бepу, әлеуметтiк қамтамасыз ету бойынша. ** Телеком-инфрақұрылым индексi - орташа өлшенген индекс, 1000 тұрғынға ДК саны, Интернеттi пайдаланушылар, телефондық желiлерi, мобилдiк телефондар мен телевизорлар сияқты, сондай-ақ, осындай санаттар бойынша он-лайн режимiнде жұмыс жасайтын халықтың саны. *** Адамзат капиталының индексi БҰҰДБ-ның "бiлiм беру индексiне" иек артады. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндетi Осы Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстанда халықтың компьютерлiк сауаттылығының және Интернет желiсiн пайдаланушылардың деңгейiн 20 %-ға жеткiзу болып табылады. Бағдарламаның мақсатына жетуi мынадай мiндеттердi орындаумен қамтамасыз етiледi: Қазақстан халқының кемiнде 20%-ы Интернет желiсiн күнделiктi өмiрде тиiмдi пайдалануы үшiн қолайлы жағдай жасау; Қазақстан халқының өмiрiнде ақпараттық ресурстардың әлеуметтiк және экономикалық маңызын арттыру. 5. Бағдарламаны iске асыру бағыттары мен тетiгi Бағдарламаның мiндеттерiн iске асыру мынадай iс-шаралардың орындалуымен қамтамасыз етiледi: 1. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру. 2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшiн оқытушыларды даярлау. 3. Қашықтықтан және күндiзгi оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үдерiсiн әдiстемелiк қамтамасыз ету. 4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту. 5. Бағдарламаны iске асырудың мониторингi жүйесiн құру және кезеңдiк талдау жүргiзу. 6. Интернетке қол жеткiзу тарифтерiн төмендету және халықтың компьютерлiк техниканың құны бойынша қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. 7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау. 8. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру. 9. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бағдарламаның iс-шараларын орындауға қоғамдық қолдауды қалыптастыру. Бағдарламаның орындалуы iс-шаралар жоспарын iске асыру жолымен жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын, ақпараттандыру үдерiстерiн қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық Комиссия жүзеге асырады. Бағдарламаның iске асырылуы мен бақылауын ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен жүзеге асырылатын болады. Бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында бағдарламаның iс-шараларын орындау кезiндегi оқу орталықтарының жобаларын басқару және техникалық сүйемелдеу функциялары ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға жүктелетiн болады. 5.1. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту қазiргi заманғы техникалық құралдарды игеру және ақпаратты-коммуникациялық технологияларға, ақпараттық ресурстарға және оларды пайдалануға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге қол жеткiзу әдiстерi бойынша тең мүмкiндiгiн Қазақстанның халқы үшiн құруға қатысты ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады. Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық нормаларына сәйкес және жүйелiлiк, объективтiк ұстанымдарымен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның алдына қойған мақсаттарына жету үшiн құқықтық негiздемелердi қалыптастыру мақсатында мынадай iс-шаралар көзделетiн болады: бiлiм беру деңгейiн тиiстi сертификаттай отырып АКТ бойынша курстарды бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн оқу жоспарына енгiзу; мемлекеттiк қызметке қабылдау және мемлекеттiк қызметшiлердi аттестаттау кезiнде компьютерлiк сауаттылықты растайтын құжаттың болу мiндеттiлiгiн енгiзу; бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердi кезеңдiк аттестаттаудан өткiзу кезiнде компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың болу мiндеттiлiгiн енгiзу; халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестiлеудi жүргiзудiң тәртiбi туралы ережесiн әзiрлеу; "Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1121 қаулысына компьютерлік сауаттылықтың сертификаты туралы толықтырулар енгiзу; халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үшiн "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамы құрған компьютерлік сыныптарды жүйелi-техникалық сүйемелдеу бойынша көрсетiлетiн жұмыстар мен қызметтерге қатысты "Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648 қаулысына толықтырулар енгiзу. 5.2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшiн оқытушыларды даярлау Бiлiктi оқытушы кадрларды даярлау халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың маңызды аспектiлерiнiң бiрi болып табылады. Осыған байланысты мынадай iс-шараларды орындау жоспарлануда: "Компьютерлiк сауаттылық" оқу бағдарламасын әзiрлеу және бекiту; Оқытушыларды даярлау және компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқыту мен сертификаттау жөнiндегi орталығын құру, оны аппаратты-техникалық қамтамасыз ету; Қазақстанның барлық өңiрлерi үшiн (компьютерлік сауаттылықты растайтын, құжатты (сертификат) берумен) АТ-мамандығының 1000 оқытушылары мен 2000 студенттер-практиканттары үшiн компьютерлiк сауаттылықтың тренингтiк курстарын жүргiзу. 5.3. Қашықтықтан және күндiзгi оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерiсiн әдiстемелiк қамтамасыз ету Компьютердi және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазiргi өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып тұр. Осыған байланысты мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi оқу-әдiстемелiк құралдарды, электрондық оқулықтарды (қашықтықтан және автономды оқыту үшiн), сондай-ақ бiлiмiн бақылау бойынша тестердi және бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеуiн қосқанда, халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үдерiсiн әдiстемелiк қамтамасыз етуiн дамытуға көңiл бөлiнетiн болады. 5.4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту Осы бағыттың негiзгi мақсаты Қазақстанда компьютерлiк технологиялар саласындағы халықтың сауаттылық үлесiн 20%-ға дейiн ұлғайту үшiн жағдай жасаудан тұрады. Қойылған мақсат халықты компьютерлiк сауаттылыққа оқыту орталықтарының инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ әртүрлi жiктегi халықтың компьютерлiк сауаттылығын арттыруға бағытталған бiрқатар iс-шаралар есебiнен жететiн болады: Қазақстанның өңiрлерiнде орталық мемлекеттiк органдардың облыстық және аудандық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн оқытуды ұйымдастыру (877491 адам - 0,58 %); әлеуметтiк бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарында тiркелген жұмыссыз халықты және бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiн Қазақстанның өңiрлерiнде оқытуды ұйымдастыру (666 135 адам - 4,44%); әскери қызметшiлердi компьютерлiк сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру (62 560 - 0,41 %); балалар үйлерiнде 69 компьютерлiк сыныптарды құру (6 ДК-ден) (компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, оларды балалар үйлерiне тапсыру, 47 610 адам - 0,3%); мектептерде 9, 10, 11 сынып оқушыларын, кәсiби мектептердi, колледждердi және жоғарғы оқу орындарының студенттерiн тестiлеудi ұйымдастыру (990 000 - 6,6 %); бюджеттен тыс саланың қызметкерлерiн және өзге де санаттағы азаматтарды (330 000 - 2,2 %) компьютерлiк сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру; холдингтер, ұлттық компаниялар және акционерлiк қоғамдардың қызметкерлерiн компьютерлік сауаттылыққа оқытуды және сертификаттауды (180 000 - 1,2 %) ұйымдастыруды қосқанда. Азаматтардың компьютерлiк сауаттылығын анықтайтын өлшемдер Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген бағдарламаның "Компьютерлiк сауаттылық" курсына оқыту және осы курс бойынша табысты жүргiзiлген тестiлеу болып табылады. 5.5. Бағдарламаны iске асырудың мониторингi жүйесiн құру және кезеңдiк талдау жүргiзу Бағдарламаны iске асыруды бағалауға бiрыңғай әдiстердi жүзеге асыру мақсатында халықтың Интернет қызметтерiне қол жеткiзу деңгейiн және компьютерлік сауаттылығының деңгейiн анықтау үшiн статистикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу әдiстерiн әзiрлеу және жалпы статистикалық индикаторларды анықтауды қарастыратын мониторингi мен талдауды жүргiзудiң әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады. Бұл ретте талдау ақпараттарын даярлауды және мәлiметтердi жинауды қамтамасыз ететiн негiзгi iс-шаралар: статистикалық ақпараттарды жинақтау әдiстерiн әзiрлеу және халықтың компьютерлiк сауаттылығының индикаторларын анықтау жөнiндегi консалтингтiк жұмыстарды жүргiзу; Интернет-ресурстарды пайдалану бойынша статистикалық ақпаратты жинақтау әдiстерiн әзiрлеу және Интернет желiсiн пайдаланушылардың санатын анықтау жөнiндегi консалтингтiк жұмыстарды жүргiзу; халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру серпiнi мен нәтижелерiн талдау, тиiстi ақпараттарды жинақтаудың әзiрленген әдiстерiн пайдалана отырып Интернет желiсiн пайдаланушылардың санаттары мен Интернет-ресурстарын пайдаланудың дәрежесiн, халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; Қазақстан халқының өмiрiнде Интернеттiң маңызының дәрежелерi мен өлшемдерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижелерiн талдау және мониторингiн жүргізу; оқытылатын компьютерлік сауаттылықтың мониторингiн жүргiзу; Қазақстанда ақпараттық теңсiздiктi төмендету бойынша iс-шараларды iске асыруға қатысу үшiн жеке бизнестi тарту тетiгiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу. 5.6. Интернетке қол жеткiзуге арналған тарифтерді төмендету және халыққа құны бойынша қол жетімдi компьютерлiк техниканы қамтамасыз ету Осы бағыттың негiзгi мақсаты Қазақстанның әл-ауқаты деңгейінен және олардың өмiр сүру орнына тәуелсiз барлық санаттағы азаматтарын ашық ақпараттық ресурстарға қосу үшiн жағдайды қамтамасыз ету. Қойылған мақсат Интернетке азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үдерiсiнiң мониторингiн ұйымдастырудың және бар телекоммуникациялық қамтамасыз ету инфрақұрылымның даму есебiнен жетiстiкке жетуге болады. Осыған байланысты: Телефон желiлерi бойынша Интернетке қол жеткізу үшін төмендету; бөлiнген желiлер бойынша Интернет желiсiне қол жеткiзуге тарифтерді төмендету; барлық мектептердi Интернет желiсiне тегiн қол жеткізу; Интернет - Мегалайн - Хит желiсiне лимитсiз кең жолақты қызметіне тарифтердi төмендету; қазақстанда телефондық және оптикалық талшықтық желілерді дамыту; (Wi-Fi) сымсыз байланысы арқылы Интернет желісiне қол жетімділігін берудi дамытуды қамтамасыз ету талап етiледi. Компьютерлiк техниканы сатып алу үшiн халыққа жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық технологиялар Паркiнiң базасында құны бойынша қол жетімді компьютерлерді шығару жоспарлануда, сондай-ақ, олармен компьютерлік техниканы сатып алған кезде азаматтарды eкінші деңгейдегі банктермен немесе өзгеде қаржылық ұйымдармен жеңiлдік несиелеу. 5.7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасындағы маңызды бағыт АКТ саласындағы отандық жоғары бiлiктi кадрлық әлеуеттi даярлау болып табылады. Осы бағыттағы негiзгi мiндеттер - АКТ саласындағы мамандардың номенклатурасын анықтау мен кеңейту, ақпаркоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен педагогтық кадрлардың фундаменталді даярлау бiлiмiн жетiлдiру, АКТ саласындағы Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту, АКТ саласындағы жоғарғы бiлiм мен ғылымды біріктіру, ЖОО және мектептерде ақпаркоммуникациялық технологиялар жөніндегі оқу бағдарламаларын жетiлдiру, ЖОО және мектеп оқушыларының өмірiнде АКТ рөлiн арттыру, бiлiмi жоғарғы софтверлiк компаниялармен және компьютерлік техниканы шығарушылармен кәсiби-техникалық мекемелердің ынтымақтастығы үшiн қолайлы жағдайлар жасау. Отандық АТ-саласындағы қажеттiлiк өсiмiнен AT-сы мамандарын даярлау қарқынының қалып қоюын қысқарту, сондай-ақ мамандандырылған АТ-кадрларын (тестiлеушiлердiң, АТ-жобалары менеджерлерінің және басқа да компьютерлiк мамандарды) даярлау және бiлiктiлiк деңгейiн жоғарылату мақсатында мынадай iс-шаралар iске асырылатын болады: менеджменттер мен ақпараттық технологиялар саласында қашықтықтан және күндiзгi оқытудың оқу-консалтингтiк орталығын құру; қазақстандық ақпаратты-бiлiмдiк ақпараттық технологиялар Интернет университетiн ұйымдастыру; АКТ саласындағы жетекшi бiлiм, тренингтiк ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 5.8. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру Осы бағыттағы негiзгi мақсат ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруге азаматтардың қызығушылығын ынталандыру болып табылады. Қойылған мақсат Интернет желiсiнде электрондық сервистер саласын кеңейту есебiнен қазiргi заманғы АКТ игеру мен компьютерлік сауаттылыққа оқуда, халықтың тұтынушылығын арттыруға бағытталған шаралар жүйесiн құру жолымен жететiн болады: ақпаратты-танымдық, ақпараттық көңiл көтеру порталдарында ақпараттық ресурстардың зияткерлiк iздестiру жүйесiн әзiрлеу; республикалық және облыстық БАҚ-тың меншiктi веб-сайттарын құру және өзектiленуiнiң мониторингi мен бақылауын ұйымдастыру; индустрия және сауда саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету; заңды тұлғалардың ақпараттық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету; ақпараттық технологиялар саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету; "Ұлттық-мұра" ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету; "Қазақстанның кiтапханасы" электрондық мемлекеттiк кiтапханалық қорын қалыптастыру; денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету; қазақстандық білім беру ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектiленуiн қамтамасыз ету. Компьютерлiк сауаттылыққа оқыту үшiн халықты тарту мақсатында қосымша ынталандыруды құру жоспарлануда: тыңдаушыларға 10 сағат Интернет желiсiнде тегiн жұмысты беру; кез келген күрделi деңгейдегi сертификаттаудан өткен компьютерлік сауаттылық курстарын тыңдаушылар үшiн компьютерлік техниканы, компьютерлік әдебиеттердi және Интернет желiсiнiң қызметтерiн сатып алған кезде шегерiмдерiнiң жүйесiн енгiзу; "электрондық үкiмет" порталында журналдың электрондық болжамасын орналастыру және (қазақстандық сайттардың каталогы) "Қазақстанның сары беттерi" журналын шығару. 5.9. Бағдарлама iс-шараларының орындалуына қоғамдық қолдауды қалыптастыру Осы бағыт шеңберiнде мынадай iс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендету жөнiнде халықаралық сараптамашылардың қатысуымен бейнеконференцияларды, семинарларды өткiзу; Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендету бағдарламасының iс-шараларын iске асыру барысында БАҚ (жарнамалық материалдар, PR-мақалалар, ТД-роликтерi, баспаматериалдары - үндеу хаттар, плакаттар және веб-сайттар) арқылы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жария ету; Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Қазақстанның статистикалық жылнамасында компьютерлiк сауаттылықтың және Интернеттi пайдаланушылардың көрсеткiштерiн жариялау; қазақстандық веб-сайттардың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес конкурстарын өткiзу; өңiрлерде ақпараттық технологиялардың айлығын жүргiзу: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендету бағдарламасы бойынша дөңгелек үстелдердi өткiзу; ақпараттық технологиялар мамандарының лауазымының бос орындарына жәрмеңкелердi және АКТ бойынша көрмелердi ұйымдастыру; жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, кәсiби мектептерде және мектептерде бағдарламалау бойынша конкурстарды ұйымдастыру; шектелген мүмкiндiктерiмен ауыл халқы мен адамдарды Интернет желiсiне тегiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; компьютерлік курстарын тегін оқытуды жүргізу; шектелген мүмкiндiктерiмен оқушылар, студенттер және адамдар үшiн құны 50%-ғa төмендетiлген компьютерлердi сату бойынша акция; АТ-сы мамандарын даярлауды қамтамасыз ететiн техникалық жоғарғы оқу орындарында "Ашық есiктер" күндерiн өткiзу. 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландырудың көздерi Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүзеге асырылады. Жоспарланған iс-шаралардың есебi бойынша және сараптамалық баға негiзiнде Бағдарламаның жалпы құны: 15 584 676 мың теңгенi құрайды, республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемi 13 701 595 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде: 2007 жылға - 4 901 052 мың теңге, 2008 жылға - 4 398 361 мың теңге; 2009 жылға - 4 402 182 мың теңге және жергiлiктi бюджет - 1 883 081 мың теңге, оның iшiнде жылдар бойынша: 2007 жылға - 588 633 мың теңге, 2008 жылға - 647 224 мың теңге; 2009 жылға - 647 224 мың теңге. Көрсетiлген шығыстар сервистiк жүйелi-техникалық қызмет көрсетуге және Интернет қызметiнiң ағымдағы шығынына 1 124 804 мың теңге көлемiнде кiредi, оның iшiнде жылдар бойынша: 2007 жылға - 269 042 мың теңге; 2008 жылға - 426 040 мың теңге; 2009 жылға - 429 722 мың теңге. Осы бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында қаржыландыру көлемi кесiндi бағытында көрсетiледi. Бағдарламаға түзету енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру көлемiнiң өзгерту бөлiгінде жүзеге асырылады. Қаржыландырудың мөлшерi тиiстi қаржылық жылға республикалық және жергiлiктi бюджеттi қалыптастырған кезде анықталатын болады. 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже Бағдарламаны табысты iске асыру Қазақстанға мынадай көрсеткiштерге жетуiне мүмкiндiк бередi: 1) Қазақстан халқының компьютерлiк сауаттылығы 20%-дан төмен емес, ол ағымдағы жағдайдан 15,7%-ғa асып түседi; 2) Қазақстанда Интернеттi пайдаланушылар халықтың жалпы санынан 20%-дан төмен емес, бұл қазiргi сәттегiден 17,2%-ға жоғары; отандық АТ-сы мамандарының кәсiби сапаларын арттыру; Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiн өзектiленген және танымдық ақпаратпен толықтыру; Интернет желiсiн пайдаланудың арзан тарифтiк жоспарларымен және халықты құны бойынша қол жетiмдi компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету; барынша пайдалануға бағытталған "электрондық үкiметтiң" қызметтерiмен Қазақстан халқын белсендiру. Осы көрсеткiштерге жету қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейiнгi - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседi.
|